RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда спорттық жабдықтардың жаңа техникалық регламенті әзірленеді

21.10.2024, 13:10 753

Елімізде спорттық жабдықтардың жаңа техникалық регламенті әзірленеді. Осылайша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.

Мұндай жаңашылдыққа футбол қақпасының бала үстіне құлауы секілді оқиғалардың жиілеуі себеп болған. Қазір қауіпсіздік стандарттарын күшейту жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған қоса ішкі сауда ережелеріне енгізілген өзгеріске сай спорт жабдығын сататын әр дүкен сөрелерінде кем дегенде 30% отандық өнім тұруы тиіс. Сондай-ақ көрнекі жерлерде «Қазақстанда жасалған» деген белгі болуы қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz