Бұқтырма су қоймасының үстінен салынған көпір өлкедегі туризмді түлетуге ықпал етіп, кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді, – дейді Шығыс Қазақстан облысының туристік операторлары. Қазірдің өзінде бизнес өкілдері өз қызметтерін түрлендіру жолын қарастырып жатыр.
Бұған дейін жол қиындығы бірталай жоспарға кедергі болса, енді логистика жеңілдеді. Алдағы уақытта Күршім мен Зайсан ауданындағы жағалаулар бойында демалыс орындары ашылмақ. Әсіресе Қытаймен шекаралас Зайсан үшін бұл инфрақұрылымның маңызы зор.
Валерия Топольняк, туристік фирманың директоры:
- Туристік операторлар үшін бұл – зор мүмкіндік. Енді ескі паромдарды сарыла күтіп, бекітілген уақыт кестесіне тәуелділіктен құтылдық. Тұрғындар үшін бұл – тарихи жаңалық, ерекше қуаныш. Себебі су қоймасының ар жағындағылар бұл нысанды көптен бері армандап келді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz