RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-ның Зайсан ауданында жаңа су қоймасы салынады

01.11.2024, 19:30 943

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Кендірлік су қоймасы салынады. 

Нысан құрылысын келер жазда бастап, үш жыл ішінде аяқтау көзделген. Өлкедегі су бөгендерін жаңарту жұмыстары да қолға алынады. Мәселен, апатты деп танылғанына біраз жыл болған Үйдене су қоймасы қалыпқа келтірілмек. 60 жыл бұрын салынған, қазір әбден тозған бөгеннің жағдайы ауыл халқын алаңдатып отырғаны рас. Су қоймасының жалпы сиымдылығы 75 миллион текше метр. Алайда, қазір оған 45  миллион текше метрден артық су сыймайды. Ал Кендірлік өзенінен  плотина салынса, Зайсан ауданындағы шаруаларды қажытқан қиын мәселе оң шешімін табады.

Дәулет Жанысов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Су тапшылығы өзекті Зайсан ауданында  сондықтан Кендірлік су қоймасын салу шешімі қабылданды. Бұл су қоймасы салынған кезде ауылшаруашылық жерлеріне 11 мың гектар жерге су жеткізілетін болады. Бүгінгі күнде  шаруаларға жазғытұрым су азайған кезде со су қоймасынан көбірек су беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz