RU
Толық нұсқаға өту

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды

04.11.2024, 21:30 773

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов 5 жылға сотталды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев та осынша жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров алдағы 9 жылын абақтыда өтейді. Олар бизнес өкілінен, кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39 млн 700 мың теңге көлемінде пара алған. Жоғарыда аталған азаматтар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмысқа орналасу құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz