RU
Толық нұсқаға өту

Астанада бірқатар әуе рейсі кешіктіріліп жатыр

07.11.2024, 15:28 1551

Астана халықаралық әуежайынан ұшып кетуге жоспарланған 80 рейстің алтауы және ұшып келуі тиіс 82 рейстің алтауы кідіріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Атап айтқанда, бас қаладан Дубай, Санья, Стамбул, Атырау, Петропавл және Орал бағыттарына ұшуы керек рейстер уақытша тоқтатылды. Ал Қызылорда, Ақтау, Орал және Алматыдан үш бірдей рейс Астанаға келе алмай, кешігіп жатыр. Жолаушылар өзге қалаларға ұшудың нақты кестесін және уақыт өзгерісі туралы ақпаратты тиісті авиакомпаниядан біле алады. Сондай-ақ әуежайдың ресми сайтынан да көруге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz