Ақтөбеде апатты жағдайда қонған Ми-8 тікұшағы былтыр жөндеуден өткен.
Бұл жайлы Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Авиациялық апат техникалық ақаудан болды деген болжам бар. Алайда түпкілікті қорытынды тергеу жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Қазір мән-жайды анықтау үшін Қорғаныс министрінің орынбасары Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия облыс орталығына барды. Айта кетейік, Ми-8 тікұшақтары тәуелсіздік жылдарынан бері әуе қорғанысы күштерінің қатарында қолданылады. Сондай-ақ техниканың бұл түрі 50-ден астам елде пайдаланылады және өзінің көп функционалдығы мен сенімділігінің арқасында әлемдегі ең көп сұранысқа ие тікұшақтардың бірі.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz