Астанада түнімен қарлы боран соғып, қаладағы кей көше мен тұрғын үй аулаларын қар басып қалды, деп хабарлайды 24kz.
Коммуналдық қызмет түні бойы қар күреп жатыр. Қазір елордада 600-ден аса арнайы техника мен 300-ге тарта жұмысшы көше мен аулаларды тазартып жүр. Ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер мен алаңдар, вокзал аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдардағы қар күреледі - дейді жауаптылар. Қазіргі уақытта астананың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Мамандар көлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz