Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды, деп хабарлайды 24kz.
Сарыкөл ауданы Новое ауылынан 35 шақырым жерде екі жеңіл көлік қарға батып қалған. Екатеринбург – Алматы автожолында тұрып қалған жүргізушілерге Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары келіп, арнайы техниканың көмегімен батып қалған көлік пен 3 адамды қауіпсіз учаскеге жеткізіп салды. «Оларға медициналық көмек қажет болмады», - дейді құтқарушылар. Мамандар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz