RU
Толық нұсқаға өту

Екібастұздағы МАЭС-1 мұржасынан ақау шықты

15.11.2024, 22:19 877

Екібастұздағы 1-мемлекеттік аймақтық электр станциясындағы мұржадан ақау шықты.

Үш күн бұрын ондағы жабдықтарды тексеру кезінде №1 түтін құбырынан қою шаң шыққаны белгілі болды. Оның себебін анықтау үшін №3 энергоблокты ажырату туралы шешім қабылданды. Бүгін таңғы сағат төртте үшінші энергоблок ажыратылды. Ішкі тексеру түтін құбыры салқындағаннан кейін барып қолға алынады. Оған генераторлық жабдықты өшірген сәттен бастап кемінде 8 сағат уақыт керек екен. Тексеру жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды қоса алғанда, сарапшылар тобы тартылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz