Астанада екі жүзден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді.
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен сала ардагерлері де қатысты. "Отан қорғаушылар" монументінің жанында 68-665 әскери бөлімінің жас жауынгерлерін құттықтауға ата-аналары мен туыстары, достары келді. Алаңдағы шараға қатысушылар әскери техниканың заманауи үлгілерімен танысты. Бөлімнің әскери қызметшілері оларға қоян-қолтық ұрысын және қарумен дефиле элементтерін көрсетті.
Талғат Құлманов, әскери бөлім командирінің орынбасары:
- Бүгін арнайы мақсаттағы бригада Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан келген 211 жас сарбазбен толықты. 1 ай ішінде әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтті. Олар бөлімнің тарихымен танысты. Жарғыларды, әскери техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, саптық және атыс дайындығының негіздерін зерделеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz