RU
Толық нұсқаға өту

Елордада кәсіпкерлік саласындағы әйелдер рөлі талқыланды

19.11.2024, 14:37 952

Еліміздегі шағын және орта бизнестің 49%-ін әйелдер басқарады, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, Қазақстанда гендерлік теңдікті нығайтуға барынша қолдау жасалып отыр. Бұл туралы Астанада өткен Түркі елдері сауда-өнеркәсіп палаталары одағы жанындағы кәсіпкер әйелдер кеңесінің 3-ші Бас Ассамблеясында айтылды.

Қатысушылардың айтуынша, біздің елде әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту, акселерация және қаржыландыру бағдарламалары жолға қойылған. Іс-шара аясында тау-кен, қайта өңдеу және энергетика сияқты стратегиялық өнеркәсіп салаларында әйелдердің рөлін күшейтуге ерекше назар аударылды. Қатысушылар өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен экономикадағы әйелдер көшбасшылығының дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы мен Түркі инвестициялық қоры тікелей қолдау көрсетті. Форумға Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан келген 200-ден астам іскер әйел, Үкімет өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz