RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде теміржолдарды жөндеу жұмыстарының көлемі үш есе артты

26.11.2024, 16:45 641

Пойыздардың кешігуі – теміржолдарда жүргізілген жөндеу жұмыстарынан болды.

Соңғы екі жылда жөндеу шараларының көлемі 3 есе артты. Үкіметте «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев осылай деді.

Себебі Премьер-министр бұл мәселеге назар аударып, кідіру проблемасын көтерді. Олжас Бектенов пойыздардың келу кестесін бұзғаны туралы шағымдардың көбейгенін айтты. Нұрлан Сауранбаев мұның себебін түсіндіріп, кейін Үкімет басшысына компанияның атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады. Оның сөзінше, қазір контейнерлік транзиттік тасымалы артқан. Соңғы үш жылда жүк тасу көлемі 30% өсіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz