Астанада 6 мыңнан астам салымшысы бар тұрғын үй кешендерінің құрылысы заңсыз болып шықты. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Қазір жосықсыз компанияларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 12 адам қамауға алынған.
Құны 7 млрд теңгеден асатын, бірақ құрылысы аяқталмаған нысандардың шығынын қайтару туралы прокурордың 8 талабы сотта қанағаттандырылды. Прокуратура тұрғындардан үлескерліктің шарттарына ерекше мән беруін сұрап отыр. Соның ішінде тұрғын үй құрылысы операторының кепілдігі болу қажет. Ал үлескерлердің қаражаты ғимараттың іргетасы қаланған соң тартылуы тиіс.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz