Алматы облысында 2030 жылға дейін жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 127 ірі жоба жүзеге асады.
Агроөндірістік кешен, өңдеу өнеркәсібі мен логистика, туризм, сауда, шағын және орта бизнес салаларында мыңдаған жұмыс орны ашылады. Биылдың өзінде құны 473 млрд теңгенің 55 жобасы жүзеге асып жатыр.
Ардақ Айбарұлы, тілші:
- Алматы облысы жаңа әкімшілік аумаққа бөлінген екі жылдың ішінде өңірде бірқатар оң өзгерістер болды. Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болып, Қазақстанның географиялық картасында Алатау атты жаңа қала пайда болды. 96 мың гектар жерді алып жатқан бұл арнайы экономикалық аймаққа Гонконг пен Сингапурды немесе батыстың өлшемімен алсақ, Берлин қаласын сыйғызып жіберуге болады.
2037-2039 жылдары Алатау қаласындағы халық саны екі миллион адамға жетеді деген болжам бар. Онда 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылады. Алатау арнайы экономикалық аймағына ірі өндіріс ошақтарымен қатар жоғары оқу орындарын шоғырландыру көзделіп отыр.
Жәнібек Сауырбек, "Алатау" арнайы экономикалық аймағының бас директоры:
- Сол жерде мемлекетімізге қажетті жас мамандар даярланады. Жаңа қала экологиялық, инновациялық және технологиялық талаптарға сай болады. Қазір көршілес Қытай Халық Республикасымен және Сингапурдың құрылыс компанияларымен келіссөз жүріп жатыр. Бұл жерде болашақта Шеньчжень, Сингапур сияқты қалала бой көтереді.
Қонаев қаласының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспары бекітілгенін айта кетейік. Соған сәйкес, облыс орталығында 58 жаңа ғимараттың құрылысы жүргізіледі. Он шақты әлеуметтік нысанды салу бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Мұхамедғаріп Құрманғалиев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
- Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, келесі жылы жұмысты бастауды толығымен қарастырып отармыз. Оның ішінде сіздер айтқандай, драма театры бар,)+++музей бар. Конгресс холл, медициналық үлкен көп салалы аурухананың, оқушылар сарайының, сонымен қатар мынау үлкен мектептердің құрылысы да қарастырылған.
Қалада атқарылып жатқан жұмыстарды жергілікті тұрғындар да оң бағалайды.
БЛИЦ
- Неге өзгеріс жоқ? Өзгеріс көп деп өзім ойлаймын, жақсы. Иә, анау жолдарды қаншама жасап жатыр. Қаламызды тазалап жатыр. СКЛ Бұрын тұрдық қой тоже свет жоқ, жол дегенің шұрық тесік деген сияқты. Оған қарағанда қазір жақсы.
Қаланың тазалығы, біріншіден, көгалдандыру жақсы, абаттандыру дейді ғой, енді абаттандыруы жақсы. Үлкен құрылыс, зәулім үйлер салынып жатыр ғой енді. СКЛ Жаман емес жақсы. Көңілім толады.
Кәдірбек Құныпияұлы, "Өлке тынысы" ЖШС Бас директоры:
- Әбден кетеуі кетіп, ескіріп бара жатқан қаланың орнына жаңа облыс орталығын салу оңай емес. Оның бәрін халық түсініп біліп отыр. Үлкен жұмыстар алдағы уақытта атқарылады деп ойлаймыз. Өйткені үлкен дайындықтар жасалды. Осының бәрі болашақта елге, облыс халқына жемісін жегізеді деп ойлаймыз.
Өңірде биыл жалпы аумағы 838 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті. 576 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша облысқа 677 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 60 пайызы жекеменшік компаниялардың қаржысы.
Айбол Рахымбаев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
- Негізі бізде осы инвестиция бойынша 2024 жылдың жоспары – 1 трлн 20 млрд теңге. Келесі жылы 1 трлн 350 млрд теңге. Соның өзінде алдағы үш жылда 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылады деген жоспарымыз бар негізі сол сала бойынша.
Забира Дайранқызы, "Огни Алатау" газетінің бас редакторы:
- Қысқа мерзімді экономикалық идентификаторға қарасақ, Алматы облысы 108,8 пайыз орындап отыр екен. Ол дегеніміз, мынау алдыңғы ондықтың арасында Алматы облысы тұр. Сонымен қатар, мынау инвестиция тарту жұмысы да өте жақсы жолға қойылған. Облысымызға күн аралата инвесторлар келіп жатыр.
Алматы облысы еліміздегі туристер ең көп келетін өңірдің бірі. Бұл көрсеткіш бойынша 5-орында тұр.
«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін 10 айда 790 мыңнан астам адам тамашаласа, «Көлсай көлдеріне» 364 мыңдай, ал «Шарын» шатқалына 120 мыңға жуық турист келген. Қапшағай су қоймасының жағасында жазғы шомылу маусымы кезінде 1 миллионнан астам адам демалды.
Кеген ауданындағы Қара шатқалға алдағы жылы шет елдердегідей әйнектен аспалы көпір салына бастайды. Шытынау эффектсі орнатылатын шыны көпірдің ұзындығы 170 метр болады.
Қуанышбек Мирамбекұлы, облыстық туризм басқармасының басшысы:
- Ол бірақ инвесторлық жоба. Инвесторлар жүз пайыз өз ақшаларын шығарып жатыр. Ол жерден біздің мемлекет тарапынан жерді және де инфрақұрылымдық көмегін көрсетеміз. Қалғанының бәрін инвестор өз мойнына алады.
Ал «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Номад» қалашығының құрылысы жүргізіледі. Инвесторлар оған 28 млн АҚШ долларын құюды жоспарлап отыр. Мақсат – отандық және шетелдік туристерге қазақтың өнері мен әдет-ғүрпын кеңінен насихаттап, ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру.
Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz