RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында пробация қызметінде шикілік анықталды

04.12.2024, 14:13 748

Жамбыл облысында сот шектеулерін сақтамаған 98 тұлға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 24kz.

Облыс прокуратурасы «Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету» жобасы барысында бірқатар бұзушылықты анықтады. Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасындағы өзара әрекеттестік әлсіз болған. Сондай-ақ ауыр бұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныстары сотқа уақытылы жолданбаған. Есепте тұрған тұлғаларға қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған, тіпті бақылаудағы аумақтан тыс шығу жағдайларына жол берілген. Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолдады, олардың 15-ін сот қанағаттандырды, қалғаны қаралуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz