RU
Толық нұсқаға өту

Авторлық құқықбұзушылықтың 80%-і тауар таңбасына қатысты тіркеледі

06.12.2024, 13:35 793

Елде авторлық құқық бұзушылық бойынша сот процесінің 80%-і тауар таңбасына қатысты жүргізіледі. Бұл туралы Әділет министрлігіне қарасты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» директорының орынбасары Айдын Артықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, ай сайын сотта 60 шақты іс қаралса, соның басым бөлігі тауар таңбасына қатысты өтеді. Әсіресе бұл мәселе бизнес саласы ерекше дамыған Алматы, Қарағанды, Астана, Ақтау, Атырау қалаларында жиі кездеседі.

Айдын Артықова, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» директорының орынбасары:

- Әкімшілік жаза бар. Одан кейін Қылмыстық кодексте де жаза қарастырылған. Әкімшілік кодекс бойынша жаза түрі 2-3 аптаға дейін қоғамдық жұмыспен айналысу болса, Қылмыстық кодексте жасаған тарапқа жасалған шығынның көлеміне байланысты өзінің жіктеулері бар.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz