RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 10 айда 937 сыбайлас жемқорлық жағдайы тіркелді

09.12.2024, 07:53 1023

Биылғы он айда мыңға жуық сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Құқық бұзушылардың дені пара алып, халық қаржысына қол салған.

Сондай-ақ қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандар бар. Бармақ басты, көз қысты әрекет Шымкентте жиі болады. Шаһарда 87 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ жыл басынан бері Астана қаласында 83, Алматы облысында 67, Абай облысында 55 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарында да бұл мәселе өзекті. Өңірлердің әрқайсысында 47-ден қылмыс тіркелген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz