RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында есірткі сатылатын интернет-дүкен анықталды

09.12.2024, 13:35 895

Түркістан облысында синтетикалық есірткі сатылатын интернет-дүкен анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде кладмендер ұсталып, 3 келі еліткіш зат тәркіленді. Олар есірткі тарату үшін жаңа құйтырқы әрекетке көшкен. Ұялы телефондарын тексеру барысында 5 мыңнан астам магнитке тапсырыс бергені белгілі болды. Яғни, күдіктілер есірткіні магнитпен бірге орап, темір жабдықтарға жабыстырып кетіп жүрген.

Олар 2 айға қамауға алынды. Қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz