RU
Толық нұсқаға өту

Үржарда қос пәтерлі 41 үй салынып жатыр

10.12.2024, 20:50 727

Абай облысының Үржар ауданында 1200-ге жуық адам баспана кезегінде тұр, деп хабарлайды 24KZ. Бүгінде ауданда қос пәтерлі 41 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Яғни, 80-нен астам отбасы биыл қоныс тойын тойлайды. Жаңа баспаналардың барлығы 2025 жылға дейін халық игілігіне беріледі. Бұған бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Баспаналар ипотекалық бағдарлама қатысушылары мен кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Жергілікті әкімдік барлық жұмыс кестеге сай жүріп жатқанын айтып отыр. Келер жылы тұрғын үй құрылысы шалғайдағы елді мекендерде қарқын алады.

Рысгүл Құлахметова, көпбалалы ана:

- Үйдің іші кең, төрт бөлмелі. Барлық жағдайы жасалған. Жылы суы барлығы ағып тұр, жарығы жанып тұр. Кілтті алдыңғы күні алдық. Міне, бүгін көшіп жатырмыз.

Бейбіт Ахметов, аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және АЖ бөлімі басшысының м.а.:

- Бүгінгі күні 19 үй Үржар ауылында салынып жатыр, яғни аудан орталығында. Қалған тұрғын үйлер елді мекендерде салынып жатыр. Жалпы 12 ауылда тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Келесі жылы осы тұрғын үйлерді санын көбейтеміз деп отырмыз. Биылғы жылы бірінші рет ауылдарда салынып отыр. Осы жұмыстар жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz