RU
Толық нұсқаға өту

Биыл мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды форматта көрсетілді

18.12.2024, 16:00 631

Биыл елде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды форматта көрсетілді.

Ыңғайлы цифрлық экожүйені қалыптастыру мақсатында арнайы «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы әзірленуде. Азаматтардың жеке кабинеті секілді бизнестің жеке кабинеті енгізіледі. Бұл әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Сондай-ақ бизнестің операциялық шығындарын төмендетуге бағытталған есеп-қисапты автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін барлық есеп-қисаптың 40 пайызын оңтайландыру жоспарлануда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz