БҚО-да Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері сотталды. Бас прокуратураның хабарлауынша, сотталушы Грузиядан экстрадицияланған.
Көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотталушының 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелдеді. Енді ол мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz