RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында ескі ғимараттар жаңартылды

19.12.2024, 18:50 646

Келер жылы Абай облысы Мақаншы ауданында 14 әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі.

Оның ішінде медициналық амбулатория, балабақшалар мен спорт кешендері бар. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 2 млрд теңге қаражат бөлінді. Аудан орталығында пайдаланылмай, бос тұрған ғимарат көп. Олардың көбі жеке меншікке өтіп кеткен. Олар да нысандарына жөндеу жүргізе бастаған.

Серікбол Есетов, аудандық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және  автомобиль  жолдары  бөлімінің басшысы:

- Аудан ашылғалы  бос тұрған ғимараттарының бәрінің иелері меншік қой бұл. Қазір қозғалыс болып, байқалып жатыр. Сауда үйін жасайма екен, басқа бір нысан болама екен. Ойын сауық нысандары болуы мүмкін. Сондай қозғалыстар көп болып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz