RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан жолдарында 25 мыңнан астам камера орнатылды

20.12.2024, 16:50 1193

Елде жол ережесін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейтін 25 мыңнан астам камера орнатылды, деп хабарлайды 24KZ. Бүгінде олар барлық бұзушылықтың 69%-ін анықтап отыр. Сонымен қатар мобильді кешендер мен жасырын патрульдер белсенді қолданылып жатыр. Осылайша, жолдарда тұрақты бақылау орнатуға мүмкіндік туды.

Жүргізушілерді даярлау сапасы да ерекше назарда. Өзін-өзі даярлау тәртібі алынып тасталып, курсанттар мен автомектептер Ішкі істер министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркелуге міндетті. Аталған шаралар бірқатар өңірде жол-көлік апаттарының санын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz