Енді «Райымбек», «Жібек Жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Мұхтар Әуезов атындағы театр» және «Алатау» станциясында жолаушыларға ғаламтор қолжетімді.
Қалған төрт станцияда техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Желіге қосу жұмыстары қыркүйекте басталған. Ұялы байланыс пен интернет әзірге платформада ғана
бар. Болашақта вагон ішіне де орнатылады. Басты мақсат-жолаушыларға қолайлы жағдай жасау. Метрополитеннің баспасөз қызметінің хабарлауынша жер асты жолын күніне 100 мыңға жуық адам пайдаланады.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz