RU
Толық нұсқаға өту

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

25.12.2024, 15:44 647

Еліміздің Ішкі Істер министрлігі ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген әуе көлігінің қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тексеріс жүргізеді. Қазір ведомство мен Маңғыстау облысы және көліктік полиция департаменттері қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды.

Ләззат Қасымжанова, ҚР ІІМ көліктегі ПД ресми өкілі:

- Оқиға орнына дереу Ішкі Істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің және Бас көлік прокуратурасының басшылығы сондай-ақ жедел тергеу тобы шықты. Қазір оқиғаның барлық себебі анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі яғни абайсызда адамдардың өміріне әкеліп соққан апатқа байланысты тергеу басталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz