Ақтау маңында апатқа ұшыраған 190:00:630 сериялы ұшаққа соңғы рет толық техникалық байқау қазан айында жүргізілген.
Бұл туралы «Азертадж» ақпарат агенттігі хабарлады. AZAL әуе компаниясының 4K-AZ65 нөмірімен тіркелген Embraer 190 ұшағы 2013 жылы шығарылған. Ұшақ 11 жыл ішінде жерге 9 949 рет сәтті қонған, жалпы ұшу уақыты – 15 мың сағаттан асады. Әуе кемесінің соңғы толық техникалық байқауы 2024 жылы 18 қазанда жүргізілді. Содан бері 3 ай ішінде ұшақ 671 сағат ұшқан.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz