RU
Толық нұсқаға өту

Ұшақ конструкциялары бөлшектеліп жатыр

26.12.2024, 13:10 647

Ақтау маңындағы апат орнында ұшақ конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іске 306 адам, 101 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық топ жұмылдырылды.

Ауқымды топтың құрамында қазақстандық төтенше жағдайлар қызметі, қорғаныс министрлігі, ұлттық ұлан, сондай-ақ Әзербайжанның төтенше жағдайлар қызметкерлері бар. Апаттар медицинасы орталығының психологтары зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетіп жатыр. Қайтыс болғандардың мәйіттері табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілген. Араларында  6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның тұлғасы анықталды. Ақтау қаласында апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырады. Жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1063 өтініш түсті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz