RU
Толық нұсқаға өту

Наурызбай қажы Бас мүфти лауазымына қайта сайланды

26.12.2024, 17:10 1314

Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына қайта сайланды. Сайлау бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандарының Х құрылтайында өтті. Оған жиналған 300-ге жуық делегат Наурызбай қажының кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетті. Ол өзіне артылған сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы осыдан төрт жыл бұрын Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz