RU
Толық нұсқаға өту

Елде құланмен қоса бұлан да көбейіп келеді

27.12.2024, 08:00 953

Елде құланмен қоса бұлан да көбейіп келеді. Баянауыл ұлттық паркінің инспекторлары жануардың бірін камераға түсіріп алған.

Видеода бұланның жол ортасында бейқам тұрғаны анық көрінеді. Қазір Баянауыл ұлттық паркінде жүргізілген санақ бойынша бұлан саны 80-ге жеткен. Сегіз жүзге тарта арқар, 115 қабан, 70 қасқыр және 30 сілеусін бар. Қызыл кітапқа тек қана арқар енген. Ерекше қорғалатын Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркінде аңшылықтың барлық түріне тыйым салынған. Түз тағыларының саны жылдан жылға артып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz