RU
Толық нұсқаға өту

Қызметтік иттердің көмегімен 40 келіден астам есірткі тәркіленді

28.12.2024, 15:40 665

Ұлттық гвардияның қызметтік иттері 40 келіден астам есірткіні тәркілеуге көмектесті. Қырағы, төзімді, иіс сезгіш төрт аяқты сақшылар түрлі жауынгерлік операцияларға қатысады.

Мәселен, Өскемендегі көлік бақылау-өткізу пунктінде есірткі іздеуші ит гипс қоспасы салынған қапшықтың ішінде есірткінің барын сезген. Ал Қостанайда қызметтік ит қомада жасырынған 48 қап көкнәр тапқан. Апиын өңдеуге арналған шикізаттың жалпы салмағы шамамен мың келіден асады. Бұл ашылған қылмыстардың тек бір бөлігі ғана. Биыл қырағы көмекшілер жүзден аса тапсырмаға барған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz