RU
Толық нұсқаға өту

Өңірде заңсыз пиротехникалық заттар сатқан 13 адамға айыппұл салынды

31.12.2024, 07:08 586

Қарағанды облысында пиротехникалық заттар сатқан 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы  900 мың теңгеге жуық айыппұл салынған.

Заңға сәйкес пиротехникалық заттарды рұқсат етілген орындарда арнайы сертификатпен ғана сатуға болады. Жыл сайын елімізде  от шашуларды дұрыс пайдаланбаудың салдарынан 10-ға жуық өрт тіркеледі. Биыл өңірде мұндай оқыс оқиға болған жоқ. Дегенмен полицейлер жаңа жыл қарсаңында бақылауды күшейтті.

Нұрлан Жақыпбаев, облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:

- Қолдан жасалған заңсыз сатылған  пиротехникалық заттарды мүлде пайдаланбаңыздар. Көбіне осыған мән бермегендіктен адамдар жарақат алып, денсаулығына зақым келеді. Тіпті балконда тұрып ататындар бар. Салдарынан өрт шығады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz