RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық ұланда мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы өтті

05.01.2025, 17:20 1091

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында жаңа оқу кезеңі басталды.

Жылына екі рет өткізілетін дәстүрлі тәрбие сабағы «Мемлекеттік-құқықтық дайындық» тақырыбына арналды. Әр аймақтан жиналған әскери қызметшілер бас қосып, сап түзеді. Ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы дұрыс қолдану, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау талаптарын пысықтады. Одан бөлек қызметтік-жауынгерлік әрекет бойынша бейнероликтер көрсетілді. Төрт сағатқа созылған тәрбие сағатында әскери қызметшілердің міндеті, құқығы, патриоттық және әскери тәртіп туралы баяндама жасалды.

Мақсат Баймағұлов, Б. Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің командирі:

- Қазіргі әлеуметтегі болып жатқан жаңалықтар, құқықтық және тәрбие жөніндегі әскерімізде болған жаңалықтар, әлемде болып жатқан жаңалықтар, Ата заңымыз бойынша біздің атқарып жатқан міндеттеріміз туралы баянат өткізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz