RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда дүкендегі өрт сөндірілді

10.01.2025, 11:12 674

Петропавлда тұрғын үйдің бірінше қабатында орналасқан дүкенде шыққан өрт сағат 09:20-да толық сөндірілді.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Үй тұрғындары бірден қауіпсіз жерге шығарылған. 68 адам эвакуацияланса, оның 18-і бала. Қазір олар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Өртті сөндіруге 20 арнайы техника тартылды. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, 200 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Себеп-салдары анықталып, сараптама жүргізіледі.

Болат Жұмажанов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

- Қазіргі уақытта өрт сөндірулі. Енді жұмысты тағы да бұзу және сумен құйып өту жұмыстары жалғасуда. Өрт кезінде мынау тұрғын үйдің ішінен 68 адам құтқарылды. Далаға шығарылды. Оның ішінде 18 бала және бір мүгедек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz