RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында суға түсетіндер үшін 15 орын белгіленген

15.01.2025, 21:40 678

Қарағанды облысында 18-19 қаңтар күндері православ христиандарының діни мерекесінде суға түскісі келетіндер үшін 15 орын белгіленген, деп хабарлайды 24KZ. Бұл тізім жергілікті атқарушы органдардан өтінімдердің түсуіне қарай толықтырылады. Мереке қарсаңында төтенше жағдай қызметкерлері суға түсу орындарының жабдықталуын тексерді. Облыстың су қоймаларында мұздың қалыңдығы 50 см. Шомылу кезінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс.

Ерасыл Сайпаш, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

- Мұзы жұқа немесе жарылған жерлерде жүруге тыйым салынады. Бір орында көп адам шоғырлануға болмайды. Кейбіреулер шырақ жағып түнемелік су қоймаларына барады. Маңайды дұрыс көре алмау салдарынан қайғылы жағдайға ұшырап жатады. Суға түсу орындары қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz