RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда заңсыз салынған нысан сүріледі

20.01.2025, 17:37 675

Алматыда тағы бір заңсыз нысан cүріледі.

Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады. Черновицкая көшесінде орналасқан үш қабатты үй құрылысына меншік иесі рұқсат құжаттарынсыз кіріскен. Яғни, эскиздік жоба келісімі мен сараптамасы, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған. Тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін  Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде  үйді бұзу туралы шешім шығарды. Қалада құрылысты бақылау күшейтілгелі бері соңғы екі жылда 63 заңсыз нысан сүрілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz