RU
Толық нұсқаға өту

Ақмолалық полицейлер тұрып қалған 6 мың көлікке жол сілтеді

23.01.2025, 13:15 685

Ақмола облысының полицейлері жолда қалған 6 мыңнан астам көлікке жол сілтеп, қауіпсіз жолмен алып жүрген, деп хабарлайды 24KZ. Оның 5162-сі жеңіл машина болса, 862-сі – жүк көлігі.

Сондай-ақ Қарағанды мен Павлодар бағытындағы жолдардың ашық учаскелерінде 355 машинадан тұратын 3 автокөлік колоннасын алып жүру ұйымдастырылды. Қазір тәртіп сақшылары жолда қалған жолаушылар мен жүргізушілерге уақытылы көмек көрсетіп, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.      

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz