RU
Толық нұсқаға өту

Қорғаныс министрі әскери бөлімге Жауынгерлік ту табыстады

26.01.2025, 13:20 725

Қорғаныс министрі Шымкент горнизонындағы арнайы операциялар күштерінің әскери бөліміне Жауынгерлік ту табыстады, деп хабарлайды 24KZ. Іс-шарада басқару органының жаңа модульдік ғимараты мен сарбаздардың мызғымас рухының символы саналатын монументтің ашылу салтанаты өтті. Тұғырға бес қаруы сай арнайы жасақ жауынгері орнатылған. Руслан Жақсылықов тактикалық қалашықта және арнайы жасақтардың практикалық сабақтары өтетін оқу-жаттығу кешенін де аралады.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бұл әскери бөлім тарихындағы ерекше күн. Әскери туды қорғауымыз керек. Бұл ұжымның абыройы мен қадір-қасиеті. Ең бастысы біз берілген жауынгерлік тапсырмаларды толық орындауымыз қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz