RU
Толық нұсқаға өту

Жолаушылар пойызында спутниктік интернет желісі пайда болды

27.01.2025, 20:00 545

Елдегі жолаушылар пойызында спутниктік интернет желісі пайда болды, деп хабарлайды 24KZ. Пилоттық жоба алғаш болып «Астана-Алматы» бағытындағы пойызға енгізілді. Мұнда 500 жолаушы интернетке қосылып, сапар бойы әлеуметтік желіні қолдана алды.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, алдағы уақытта  «Тальго» пойыздарының барлық бағытына интернет енгізу жоспарланып отыр. Жоба аясында билеттерді тексеруге арналған мобильді терминалдар және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Сонымен қатар мейрамхана вагондарында төлем жүйесі оңтайландырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz