RU
Толық нұсқаға өту

Таразда 400-ден аса курсант әскери даярлықтан өтеді

29.01.2025, 09:35 733

Биыл Тараздағы әскери-техникалық мектепте 400-ден аса курсант әскери дайындықтан өтеді, деп хабарлайды 24KZ. Қазір олардың алғашқы тобы қабылданды. Жамбыл мен Қызылорда облысынан келген 100-ге жуық жігіт әскери өмірге бейімделеді. Үш ай бойы жүк көліктерін басқарып, техниканы жөндеуді меңгеріп шығады. Осылайша курсанттар В, С және С-1 санатындағы жүргізуші куәлігін алады. Ал 24-27 жас аралығындағы жігіттер ақылы негізде 40 күн оқып, әскери билетке қол жеткізеді.

Асылбек Құланбай, әскери-техникалық мектептің курсанты:

- Біздің Қызылордада мұндай мүмкіншілік жоқ, бұндай оқу орны. Сол үшін мен әдейі Тараз қаласына оқуға келдім. 3 айлық оқуға. Бұнда көлік жүргізуге куәлік алынады. Біз машина айдаудың маманы болып, армияға бір жылға кетеміз. 3 мезгіл тамақ беріледі. Киімдеріміз бүтін. Әскери өмірді осы жақта үйреніп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz