RU
Толық нұсқаға өту

Алматы метросына қоршаулар қойылып жатыр

30.01.2025, 21:15 543

Алматы метросына жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қоршаулар қойылып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Бұған дейін жұртшылық әлеуметтік желіде жарияланған ортасы бос, темір қоршауды сынға алған еді. Темірдің ортасына сынбайтын әйнек салынады. Бұл қоршаудың өзі уақытша орнатылады. Метро жобасында вагон арасын жабу туралы көрсетілмеген.

Дәл сол жерге жақында адам құлап, қайтыс болғаннан кейін метрополитен басшылығы осындай шешім қабылдапты. Оған жұмсалатын қаражат түгелдей өздерінен. Ал жаңадан ашылатын метро бекеттерінде міндетті түрде платформалық қоршаулар болады.

Еске сала кетейік, Алматы метрополитенінде 11 бекет бар. Қоршауды қою жұмыстары 10 күн ішінде аяқталмақ.

Әрсен Жангелдин, «Метрополитен» КМК директорының орынбасары:

- Қазір 11 бекеттің 7-не осындай қоршаулар қойылды. Әрқайсысында 6-дан болады. Кейін мұны алып тастап, орнына автоматтандырылған платформалық қоршау орнату жоспарда бар. Бірақ оған уақыт қажет. Өйткені жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу керек. Қазірше жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша металл қоршаулар орнатылып жатыр. Ал осыған 14 млн теңге жұмсалды деген шындыққа жанаспайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz