RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда былтыр адам саудасына қатысты 200-ден аса қылмыс тіркелді

03.02.2025, 19:16 557

Елде былтыр адам саудасына қатысты 200-ден аса қылмыс тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Оның басым бөлігі – адамның бостандығын шектеп, мәжбүрлі түрде жұмысқа жегуге байланысты анықталған қылмыстар. Бұдан бөлек, жеңгетайлық жасау, күштеп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу сияқты заңбұзушылықтар тіркелген. Қыруар қаржы табамын деп шетел асып, кейін сан соғып қалған отандастарымыз да бар. Осыған қатысты былтыр 58 қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдарының мамандары, жалған жарнамаларға сенбеуді, шетелге жұмысқа барарда сақтық шараларын қаперде ұстауды ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz