RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде қайтарылған қаржыға 63 мектеп салынды

04.02.2025, 07:15 511

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылдан бері мемлекетке 1,12 триллион теңгенің мүлік активтері мен қаражатты қайтарды, деп хабарлайды 24KZ. Оның ішінде былтыр 486,5 млрд теңгенің мүлкі мемлекет иелігіне тапсырылды.

Қайтарылған қаражаттан 153 млрд теңге Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылды. Бұл қаржы 83 мектептің құрылысына жұмсалады. Қазірдің өзінде 63 мектеп салынған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz