RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде шетелдік туристерге QR-коды бар карталар беріле бастады

05.02.2025, 14:14 739

Қазақстанда әрбір шетелдік қонаққа енді QR-коды бар карталар беріледі, деп хабарлайды 24kz.

ІІМ туристерге осындай қауіпсіздік жүйесін енгізді. Бұдан былай әр турист елге кірген бойда сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар карта алады. Мұндай карталар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады. SafeTravel.kz-те:

«102» мобильді қосымшасы, оның ішінде SOS функциясы, көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама, ресми такси тізімі, жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz