Жасанды интеллект қазақстандықтардың жарты трлн теңгесін үнемдеді. Бұл туралы Әділет вице-министрі мәлімдеді.
Бекболат Молдабековтың айтуынша, «Робот – Цифрлық сот орындаушысы» деп аталатын бағдарлама адамның қатысуынсыз жұмыс істейді. Ал берешек сомасын Egov Mobile қосымшасынан немесе SMS-хабарлама арқылы біліп отырады. Бұрын қарызы бар азаматтар жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының қосымша 25%-не дейін төлеуге мәжбүр еді. Енді қазақстандықтар бұл төлемдерден босатылды.
Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:
- Бүгінге дейін 9,6 млрд теңге сомасына 454 мың өндіріс қозғалды. Нәтижесінде азаматтардың 551 млн теңгесі үнемделген. Алдын ала есеп қазақстандықтар жылына 5,5 млрд теңгеге жуық қаражатын сақтап қалатынын көрсетіп отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz