RU
Толық нұсқаға өту

2025-те ең жылы қаңтар болды

07.02.2025, 08:50 977

Биылғы қаңтар метеобақылау тарихындағы ең жылы ай боп тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Өткен айда жер бетіндегі орташа температура 13 градус шамасында болған. Бұл индустрияға дейінгі замандағы көрсеткіштерден 1,75 градусқа жоғары.

Ал Париж келісіміне қол қойған 200-ге жуық мемлекет басшылары ғасыр соңына дейін межені 1,5-2 градустан асырмауға келіскен болатын. «Бірақ жаһандық жылыну салдарынан осымен 18-ші ай қатарынан орташа температура бұл көрсеткіштен төмендемей тұр», – дейді Еуропаның климаттық агенттігінің ғалымдары. Биыл көп жерде температура жоғары болғанымен, АҚШ, Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияда қаңтарда керісінше күн әдеттегіден суық болды.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz