Еліміздегі тамақ өнімдерінің үштен бірі қауіпсіздік талаптарына сай келмеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жуырда 10 500-ге тарта тамақ өніміне зерттеу жүргізіп, осындай тұжырымға келген. Нәтижесінде тұтынуға жарамсыз 5,5 мың тоннадан астам өнім сауда желісінен алынды.
Жалпы мониторинг кезінде 1500-ге жуық биологиялық белсенді қоспаны мемлекеттік тіркеусіз саудалаған интернет ресурс анықталды. Мәселен, комитеттің бастамасымен Instagram-нан 94 парақша жойылды. 2023 жылғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 есе артқан.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz