RU
Толық нұсқаға өту

Бала тәрбиесіне қарамаған 11 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды

10.02.2025, 17:12 2082

2023 жылдан бастап «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында прокурорлар балалар құқығының сақталуын тексеру үшін 63 мыңнан астам отбасына барды.

Қамқоршыларға, асырап алушыларға және ата-аналарға қатысты 100-ге жуық сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 11 мың ата-ана мен заңды өкілдер бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 350-ге жуық бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан қолайсыз отбасылардан мемлекет қамқорлығына алынды. 54 ата-ананың құқықтарын шектеу және 92 жұпты ата-ана құқығынан толық айыру туралы талап-арыздар берілді. 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді. 1 мыңнан астам отбасыға тұрғын үй мәселесі бойынша қолдау көрсетілді. 10 мың отбасыға медициналық және әлеуметтік көмек ұсынылды. Балаларға 4,5 млрд теңге көлемінде алимент өндіріп алынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz