RU
Толық нұсқаға өту

Бейнеуде электр қуатының бағасын негізсіз көтерген

10.02.2025, 21:55 1752

Маңғыстау облысының «БейнеуЭнергоСервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны электр қуатының бағасын негізсіз көтергенін жергілікті прокуратура анықтады.

Сөйтіп, жеке кәсіпкерден 160 мың теңгеден астам ақша өндірген. Про-куратураның қадағалау актісі негізінде электр энергиясына қосу шығындары қайта есептеліп, тұрғындар үшін қосылу құны 36 пайызға, ал кәсіпкерлерге 380 вольт үшін 61 пайызға және 220 вольт үшін 52 пайызға төмендетілді. Сонымен қатар кәсіпорын басшылығы тарифтерді заңсыз өсіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz