RU
Толық нұсқаға өту

1500 әскери қызметші алғаш рет парашютпен секірді

13.02.2025, 15:35 678

Жыл басынан бері 1500-ден астам әскери қызметші алғаш рет парашютпен секірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Ал тәжірибелі жауынгерлерді қоса алғанда, мұндай жаттығу 3 мың рет орындалған. Оған қатысқандар қатарында Панфилов атындағы десанттық-шабуылдау бригадасының 8 аруы да болды. Бұрымдылар сынақты сәтті өткеріп шықты. Дәл сол күні 47 офицер мен спорттық-парашюттік командасы аса күрделі кезеңде 1500-ден 2000 метрге дейінгі биіктіктен секірді.

Мақсат Байзақов, қатардағы жауынгер:

- Барынша жерге қарамауға тырыстым. Айтылған пәрмендердің барлығын толық орындадым. Купол толығымен ашылды. Сол кезде ерекше бір эмоция болды. Қуанышпен аман-есен жерге қондым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz