RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда қоғамдық көліктерде әскери әндер шырқалды

14.02.2025, 13:52 671

Ақтауда «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz

Бұл жолы Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық көліктерде әскери әндер шырқап, көптің қошеметіне бөленді.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, сарбаздар осы ісімен батыр бабалардың ерлігін ұлықтап, жастардың санасына сіңіруді көздейді. Сонымен қатар алдағы уақытта мектептерде батырлық пен батылдық сабақтарын өткізіп, әскери бөлімде ашық есік күнін ұйымдастыруды жоспарлайды.

Аслан Нұрғазиев, ҚР Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Жергілікті тұрғындар өте жақсы қабылдады. Олар сарбаздардың әр әнін қосыла шырқап, қошетін аямады. Ал, егде жағдағы тұрғындар болса қиын шақты еске алып, көздеріне жас алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz